Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен-Жайы : Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 13000, Ақтау қаласы, 13 шағынауданы, 47 ғимарат. 

Джумагалиева Индира Таумушевна - «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры , Германия (Дюссельдорф) Халықаралық Ғылыми Ақпарат және білім беру орталығының профессоры. 

Институт Тарихы

1973 жылы Маңғышлақ облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты болып құрылды.

2006 жылдан 2012 жылға дейін Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты болды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында институт жанынан «Ұстаздар үйі» ашылды.

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әділет департаментінің 13.07.2012 жылғы № 1470 бұйрығы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып қайта құрылды.

Біліктілік арттыру институты халықаралық білім орталықтарымен бірлестікте оқыту сапасын бақылау негізінде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру, білім беру ұйымдарымен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету, педагогтердің кәсіби шеберліктерін қолдау, педагогтердің қоғамдағы орны, мәртебесін көтеру, отбасылық ағарту жұмыстарының біртұтас жүйесін жасақтау, педагог-психологтарды ата-аналармен жұмыс бойынша тұлғаға бағыттап оқытуды тәжірибеде қолдануға бағытталған жаңа білімдік бағдарламалар жасақтаумен үздіксіз айналысуда.

Институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары – Дүйсенбаева Ақзияш Төренқызы.

Институт құрылымы: 2 кафедра және 10 бөлімнен тұрады.

Профессор-оқытушы құрамы

Барлығы

Академик

Ғылым докторы, профессор

Ғылым кандидаты

доцент

Оқытушылар

46

1

4

10

3

28

Институт базасында соңғы үш жылда кәсіби біліктіліктерін арттырған тыңдаушылар саны:

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Барлығы

4619

4753

3586

12958

Облыстық білім басқармасының 02.04.2008 жылғы № 85 н/қ «Нәтижеге бағытталған мектеп» жобасы аясында инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу туралы бұйрығымен жаңа технологияларды облыс мектептеріне жүйелі енгізу мақсатында бекітілген 17 мектеп - эксперимент алаңында мұғалімдер «Үшөлшемді әдістемелік жүйе», «Модульдік оқыту», «Сыни тұрғысынан ойлау», «Сатылай кешенді талдау», «Дамыта оқыту» технологияларымен жұмыс жасайды.

Ең көп қолданыстағы «Үшөлшемді әдістемелік жүйе», «Сыни тұрғыдан ойлау», «Модульдеп оқыту» технологияларын облыс мектептеріне жаппай енгізудің алғышарттары жасақталуда.

2009 жылы Халықаралық ақпараттық және халыққа білім беру орталығының (Германия, Дюссельдорф) директоры Н.Б. Михайлова мен филиал директоры И.Т.Жұмағалиева қол қойған екіжақты келісімшарт негізінде «Әлем жастары», «Үздіксіз білім алу» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер мен 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуімізге байланысты ББЖ КБАРИ халықаралық сапа стандарты контексінде мектепті басқаруды қолға алып отыр. Осы мақсатқа сәйкес ББЖ КБАРИ ұйымдастыруымен қазақстандық 27 тыңдаушы – ғалымдар мен білім беру ұйымдарының басшылары, Германияның Дюссельдорф қаласында интернационалдық біліктілік арттыру және ғылыми ақпараттық орталығында «Психологиялық басқару және менеджменттік және психологиялық басқарудың ерекшеліктерімен танысып, тәжірибе алмасты. ББЖ КБАРИ оқытушы-ғалымдары, облыс БАИ, мектеп, колледж директорлары, әдіскерлері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларынан құралған топ құрамында Маңғыстау облысы бойынша 10 педагог болды.

2008-2012 жылдар аралығында облыс бойынша Халықаралық Ынтымақтастық келісімшарт негізінде ғалым және басшы қызметкерлер Германия, Франция, Ресей (Ярославль, Мәскеу), Анталия, АҚШ, Түркменстан, Ұлыбритания (Лондон), Алжир, Түркия секілді 9 шет мемлекетте кәсіби шеберліктерін шыңдау құрметіне ие болды.

Облыстағы аудан (қала) мектептерінде Президент Н.Ә.Назарбаев шығармаларын оқыту, насихаттау мақсатында кабинеттер ашылды.

«Қазақстан-Кембридж бағдарламасы» бойынша дайындалған 300-ге жуық қазақстандық тренерлердің арасында біліктіліктерін арттырған БАИ-дың 5 тренері (1бағалаушы) еліміздің білім саласындағы реформа талаптарына сай облыс педагогтерінің біліктіліктерін арттыруды кәсіби шеберлікпен ұйымдастырып, нәтижелі еңбек етуде.

                    Тренерлер: Г.А.Джаналиева, А.Қ.Жұмабаева, А.Д.Рамазанова

200 мұғалім ІІІ (базалық) деңгей, 15 тыңдаушы ІІ, ал 5 адам І,ІІ,ІІІ деңгейде біліктіліктерін арттырды. Үш айлық білім сатысы оқуы мұғалімдер үшін жаңа бетбұрыс жасады, шеберліктерін шыңдап, сындарлы ойлауын дамытып, өзге де қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді.

2012 ж. 10 қыркүйек пен 25 қараша аралығында 3 - (базалық) деңгей білім сатысы оқуының ІІ кезеңінде тренерлермен бірлікте жұмыс жасау үшін шетелдік маман Терри Хопкинс келіп, «Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау», «АКТ» тақырыптарында дәріс өткізді. Ол кеңесші-тренер міндетін атқарған кезде 4 топ оқытылды. Үш айлық курстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында облыстағы аудан (қала) мектептерінде шеберханалар, қоғамдық бірлестіктер ашу қолға алынуда.

БАИ инновациялық бөлімінің басшысы, филос. ғ.д., профессор А.А.Демеуова Ұлыбританиядағы (Лондон) «Болашақ» халықаралық бағдарламасының грант иегері. Мамандығы- 74Т, философиялық антропология, мәдени философия, философия және дін тарихы.

Зерттеу тақырыбы: «Білім мазмұнының жаңаруы жағдайындағы дін: шетелдік тәжірибе».

Фил.ғ.к., доценттер, Ә.Д.Қабылов, псих.ғ.к. Б.Қ.Жұмағалиева «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2012» атағын беру бойынша конкурсының мемлекеттік грантының иегерлері.

П.ғ.к., доцент, Г.Г.Бегаришева «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Ресей білім академиясының ғылыми тәжірибе грантына ие болып, «Қазақстан-Ресей қашықтықтан оқыту» жобасы бойынша облыс көлемінде аймақтық оқытуда эксперимент жұмыстарын ұйымдастыруда.

П.ғ.к., доцент Ж.Ж. Мамаева «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Ресей білім академиясының ғылыми тәжірибе грантын ұтып алып, ресейлік әріптестермен іс-тәжірибе алмасуда.

Ф.ғ.д., проф. Ж.С.Дүйсенбаеваның облыс тарихында ерекше орны бар, мәдениет пен шаруашылығы республикаға танымал колхоздың озық тәжірибесі баяндалған «Өңірлерді дамыту мәселесі» бағдарламасы ЭКСПО-2017 көрмесіне «...жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту...» және жаңғырту мақсатында ұсынылып отыр.

2013 жылы 446 мұғалім 337 мектепте 13471 баланы жоғарыда аталған өңірлік оқулықтар бойынша оқытуда.

Филиал тарапынан мұғалімдерге әдістемелік көмектер ұйымдастырылып, семинарлар өткізіліп тұрады. 2008-2013 ж.ж. өңірлік оқулықтарды оқыту методикасы бағытында ұйымдастырылған 24 курсқа 424 мұғалім қатысты.

2012 жылдың 7-12 желтоқсан аралығында директор И.Т.Джумагалиева «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ - республикалық, облыстық, Астана, Алматы қалалары педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттары директорларының біліктіліктерін арттыру бойынша ұйымдастырған семинарына (Сингапур) қатынасты.

2012 жылдың 11-15 желтоқсанында (Сеул қаласы, Корей Республикасы) Утебекова Д.Н. және Таубаева Р. (е-learning) электронды оқыту жүйесін енгізу бойынша семинарға қатынасты.

Институттың «Өңірлік оқулықтар» бойынша ресурстары: кафедра меңгерушісі, ф.ғ.докторы, доцент Ж.Дүйсенбаеваның жазушы Ә.Кекілбаевтың өмірі, шығармашылығына арналған плакат, буклеттері, слайд, альбом, монография, авторефераттары, «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар және көркемдік жинақтау» тақырыбындағы докторлық диссертацияда қорғалған еңбегі, зерттеуші С.Қондыбайдың «Жауынгерлік рух», ақын С. Назарбектің «Сырласым бол», «Парыз», «Ұлы дала ұлдары», «Ай-ана», Ә.Спанның «Заңғар», М. Нығметуллаевтың, Т. Кезбаевтың «Адай кіндікті әулиелер», Ж.Ж.Нұрмаханованың «Маңғыстау деген бұл аймақ» атты еңбектері, бейнефильмдер т.б. материалдары.

2013 жылы сәуір, маусым, қазан айларында «Ұлттық сана және Алаш арыстары», «Табиғат және экология», институттың құрылғанына 40 жыл толу мерейтойына орай «Жаңа білім беру парадигмасындағы этно-психологиялық аспектілер» тақырыптарында республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізу жоспарланды.

Конференциялардың мақсаттары мен міндеттерін талқылап, ұсыныстарды ескеру, қабылдау үшін 2013 жылдың 29 қаңтар күні ұйымдастырылған дөңгелек үстелге алқа мүшелері мен облыс ардагер ұстаздары шақырылды.