Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен-Жайы:Павлодар облысы,Павлодар қ., Ген. Дүйсенов көш. 22/1 ,140000

Тел. 8 (7182) 32 07 92

E-mailinfo@orleupvl.kz

Наталья Николаевнаы Шпигарь «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының директоры, "Информатика" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

 Институт тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 «Жеке мемлекеттік кәсіпорындарды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізудің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысына сәйкес «Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты» ҚКМК «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» РМКК болып қайта құрылды.

2012 жылдың 9 сәуірінде Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша алғашқы үш айлық курстар басталды. Курс қорытындысы бойынша облыстың 300 мұғалімі емтиханды табысты тапсырып, біліктіліктің 3-деңгейі сертификатын алды.

2012 жылдың 10 қазанында институт «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының акционерлік қоғамының құрамына филиал құқығында енді.

Директордың орынбасарыШакурова Нағима Шаймұратқызы. ҚР Құрметті қызметкері, ҚР БҒМ Құрмет грамотасы, ҚР Білім үздігі.

«Өрлеу» БАҰО АҚ ПҚБАИ құрамында 3 кафедра, 5 бөлім, мұражай және кітапхана.

ПО құрамы:

Профессорлар – 4

Ғылымдар докторлары – 5

Ғылымдар кандидаттары – 6

Доценттер -7

Магистранттар – 8

Аға оқытушылар – 22

Кафедралар: Басқару және білім сапасы; Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі; Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.

Бөлімдер: әкімшілік-ұйымдастырушы мәселелер бойынша басқарма, академиялық бөлім, баспа қызметі және қоғаммен байланысу бөлімі, мониторинг және талдау бөлімі, қаржылық бөлім.

Басқару және білім сапасы кафедрасы:

- біліктілікті арттыру курсының оқу бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешендерін құрастыру;

- мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, білім беру мекемелері директорларының орынбасарларына, мектепке дейінгі мекемелердің мамандарына арналған дайындық курстарын өткізу;

- кафедра бағдары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметті, білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

- оқу бағдарламаларына, арнайы курстар мен оқу-әдістемелік материалдарына пікір беру;

- білім беру сапасын басқарудың өзекті мәселелері бойынша мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына кеңес беру және білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне әдістемелік кеңес беру (шығармашылық зертханалар, шығармашылық топтар).

Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитралық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы:

- біліктілікті жетілдіру курстарының мазмұны мен түрлерін құрастыру;

- педагогтердің жетілдіру курстарын өткізу;

- мектеп пәндер, арнайы курстар және оқу-әдістемелік материалдар бойынша бағдарламаларға рецензия беру;

- жаратылыстану мен гуманитралық пәндерді оқыту әдістемелерінің өзекті мәселелері бойынша мұғалімдерге кеңес беру;

- шығармашылық идеяларын (шығармашылық лабораториялар, топтар, ассоциациялар) іске асыру үшін мұғалімдердің іс-әрекетін ұйымдастыру.

Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы:

- білім беру қызметін психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша облыстық педагог қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз арттыру жөніндегі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, ғылыми зерттеу, кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

- педагогтердің кәсіби дамуын психологиялық және ұйымдастыру-педагогикалық тұрғыдан қолдау мәселесі бойынша зерттеу ұйымдастыру және жүргізу;
- кафедра жұмысының бағыты бойынша оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын, аналитикалық бағдарламалар, түйіндемелер, пікір мен ұсыныстар жазу, шығармашылық зертхана жұмысын ұйымдастыру және басқару.