Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен-Жайы:150000 СҚО. Петропавл қ мира 69А 

Филиал директоры Мурзалинова Алма Жакимовна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Институттың құрылу және даму тарихынан

20 ғасырдың 30 жылдары Солтүстік Қазақстан білім бөлімі жанында облыстық әдістемелік кабинет құрылды.педагогтарға арналған курс және семинар өткізу, аудандық білім бөлімдеріне, педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету, үздік педагогикалық тәжірибені жалпылау олардың міндетіне енгізілді.

1948 жылғы наурыз айында мәселенің өзектілігін және жоба негізінің сенімділігі есепке алына отырып, Солтүстік Қазақстан облХББ қолдаухаты қанағаттандырылды: –республиканың Ағарту министрлігі Петропавл қаласында мұғалімдерді жетілдіру облыстық институтын ашуға рұқсат берді;

1999 жылғы қаңтар айында облыстық білім департаментінің 1999ж.13.01. №10 бұйрығына сәйкес мұғалімдерді жетілдіру облыстық институты педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау облыстық институты болып қайта құрылды.

2012 ж. КМҚК «Солтүстік Қазақстан педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» ҚР БҒМ «СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып ауыстырылды (04.05.2012ж №327-1948-01-ГП заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік).

 

2012ж. ҚР БҒМ «СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» болып ауыстырылды (08.10.2012ж. №1948-01-Ф-л филиалды есептік тіркеу туралы куәлік).

Біліктілікті арттыру жүйесін дамытудың әр кезеңінде мектепке деген қоғамның талабын және елдің әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени даму ерекшеліктерімен негізделген өз ерекшелігі болды.

Мұрағат құжаттарды және әдеби деректердің сараптамасы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру толассыз үдерісін қамтамасыз етуге тұрақты тенденция туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» облыста әлемдік білім беру кеңістігіне ену мемлекеттік саясатын табысты іске асырушы ғылыми-әдістемелік орталық болып танылды.

Тарихқа экскурс

(Институт қалыптасуындағы негізгі асулар)

1948 – обл МЖИ құрылды

1955 –бірінші әдістемелік баспаның шығуы

1985 – КСРО ПҒА вице-президенті Ю.К.Бабанскийдің қатысуымен «Мектеп жұмысының практикасына педагогикалық ғылым және педагогикалық тәжірибе жетістіктерін енгізу» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

1987 – Республикалық әлеуметтікжарыстың жеңімпазы

1988 – «Эврика» шығармашылық педагогика клубы құрылды

1990 – қазақ мектеп ғылымының негіздері бөлімі құрылды

1990 – облМЖИ республиканың Халықтық білім министрлігінің аттестациясынан өтті

1992 – «Жыл педагогы» облыстық бірінші байқау

1993 – МЖИ жанында жалпы білім беру лицейінің ашылуы

1996 9 номинация бойынша «Жыл педагогы» облыстық байқауы

1997 «Мектепте инновациялар» республикалық семинары

1998 «Педагог -98» облыстық байқауы

1998Азия Даму Банкінің қарызы аясында облМЖИ заманауи компьютерлік техникалары жинағымен, лингафон кабинетімен жабдықталды

1999 – Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты КМҚК Жарғысы қабылданды

2005 – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде СҚ ПКБАҚДИ «Педагогический полилог» журналы тіркелді

2005 –облыс педагогтарының инновациялық жобаларының бірінші байқауы

2010 жыл –Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде «Білім бұлағы» және «Мастер класс» журналдары тіркелді

2012 жыл– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» РМҚК Жарғысы тіркелді

2012 жыл– «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» құрылды

Мұғалімдерді жетілдіру облыстық институты, Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы боынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорлары

1. Игнатович Д.М. – наурыз-қыркүйек 1948 ж.

2. Калинин В.М. – қыркүйек 1948-маусым1960 ж.

3. Аксельрод А.Г. – маусым 1960-тамыз 1967 ж.

4. Табачнов П.Н. – маусым 1967-сәуір 1970 ж.

5. Наумова Т.Г. – сәуір 1970-ақпан 1974 ж.

6. Огий М.С. – ақпан-қыркүйек 1974 ж.

7. Бельтюков Б.Н. – қыркүйек 1974-сәуір 1977 ж.

8. Крайнов В.Н. – сәуір 1977- наурыз 1978 ж.

9. Сенченко Н.А. – маусым 1978-мамыр 1981 ж.

10. Ваховский Ф.И. – мамыр 1981-қаңтар 1989 ж.

11. Риттер В.П. – мамыр 1989-қыркүйек 1990 ж.

12. Крахмалев А.П. – қыркүйек 1990-маусым 1992 ж.

13. Ваховский Ф.И. – маусым 1992-сәуір 1997 ж.

14. Сенкубаев С.Т. – сәуір 1997-маусым 2003ж.

15. Мурзалинова А.Ж. – шілде 2003-тамыз 2004ж.

16. Абилкаримов С.А. – қараша 2004- қыркүйек2007 ж.

17. Бектасова Р.С. – қараша 2007-қыркүйек 2008 ж.

18. Карабатырова А.К. – қыркүйек 2008 ж.- маусым 2013ж.

19. Мурзалинова А.Ж. – 2013ж. маусымнан.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚБАИ» құрылымы

Оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша директор орынбасары - Оркешова Айтбиби Кенесовна, педагогика ғылымдарының магистрі.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚБАИ» құрамында: 2 кафедра, 1 басқарма, 1 орталық, 7 бөлім

«Инновациялық технология және жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»кафедрасы қала және облыстағы білім беру мекемелерінде әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, түрін және әдістерін жаңартуға үлес қосады, білім мекемелерін және педагогикалық жаңартулардың қызмет ету және даму үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіреді;

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту»кафедрасы Білімді жаңғырту заманауи концепциясын басшылыққа ала отырып, негізгі өзекті мәселені анықтайды - мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде және бастауыш мектепте 12 жылдық білім беру моделіне көшу өтпелі мерзімінде білім сапасына жету үшін қажетті жағдайларды құру;

Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша басқарма, деңгейлік бағдарламалар орталығы, бөлімдер: қаржы, инновациялық даму, академия, сараптама және мониторинг, ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету, баспа қызметі және қоғаммен байланыс бойынша, техникалық қызметкерлер.

СҚО ПҚБАИ кітапханасында шетелдік және отандық педагогикалық және әдістемелік қоры бар, жалпы саны -36800 бірлік. Жылына 3,5 мыңнан артық оқырмандарға қызмет көрсетіледі.

2011 жылдан бастап ББЖКБАРИ бірлесіп институт «E-Learning» электрондық оқыту жобасын іске асыруға қатысады. Аталған жоба бойынша СҚО ПҚБАИ білім мекемелерінің 2998 қызметкерлері оқып шықты.

Жыл сайын «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы «СҚО ПҚБАИ» 3 мыңнан артық тыңдаушылар өз біліктіліктерін арттырады: педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар, білім мекемелерінің еңбек өтілі 3 жылға дейінгі мектеп директорлары және директор орынбасарлары, мектепке дейінгі, мектептен тыс білім ұйымдарының, қосымша білім беру және ТжКБ педагогтары.

Филиалда 2012 жылдан бастап Кембридж университетінің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ бірлесіп дәйектеген деңгейлік бағдарламалар бойынша үшінші (базалық) деңгей үш айлық курстарында педагогтарды оқыту өткізіледі. Айтылып өткен бағдарлама бойынша 644 педагог өз біліктілігін арттырды.