Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен-Жайы : Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, М.Х. Дулати көшесі, 201

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  ОҚО  ПҚБАИ директоры, профессор,  педагогика  ғылымдарының докторы -  Искакова Лаура Турлыбековна.

Институт Тарихы

  • 1948 ж. наурызда Оңтүстік Қазақстан облыстық КП (б)К Қаулысына сәйкес Облыстық Қазақстан халыққа білім беру бөлімі жанынан Абай атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты құрылды.
  • 24.04.1991 ж. Облыстық атқару комитеті Халық депутаттар Кеңесінің № 258 бұйрығына сәйкес облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының аты облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып өзгертілді.
  • 1999 ж. –Облыстық білім департаментінің 19 қантарында № 11947-1958МК бұйрығына сәйкес Облыстық үздіксіз білім беру институты болып қайта құрылды.
  • 1999 ж. - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің мекемені кәсіпорынға айналдыру жөніндегі 01.09.1999 жылғы №44 шешімімен облыстық үздіксіз білім беру институты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып ауыстырылды.
  • 2005 ж. - ОҚО әкімдігінің 23 тамыздағы № 472 қаулысы бойынша облыстық үздіксіз білім беру институты –мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып аталды.
  • 2007 ж. - институт Аймақтық жаңа технологиялар орталығының құрамына еніп, Облыстық білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы болып өзгертілді.
  • 2012 жылдың қазан айынан институт “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып аталды.

Профессорлық-оқытушылық құрамының саны - 104 соның ішінде:

  • профессор - 2;
  • доктор – 3;
  • ғылым кандидаттары-15 соның ішінде доценттер- 5:
  • магистр - 5

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы "ОҚО ПҚБАИ" директорының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты - Ергешбаева Шынар Наліходжақызы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы "ОҚО ПҚБАИ" директорының ғылыми жұмысы бойынша орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты – Ахтаев Мухтар Бексұлтанұлы

Институттың құрамында 5 кафедра, 10 бөлім жұмыс істейді.

Кафедралар: мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;

инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)пәндерді оқыту әдістемесі;

тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру;

басқару және білім беру сапасы;

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру.

Бөлімдер: қаржылық бөлім, әкімшілік –шаруашылық мәселелері бойынша басқарма, корпоративті даму бөлімі, академиялық бөлім, мониторинг және талдау бөлімі, қоғаммен байланыс және баспа ісі бөлімі, кітапхана, инновациялық даму бөлімі, ақпараттық технологиялар бөлімі, техникалық қызметкерлер бөлімі.

Басқару мен білім беру сапасы кафедрасы

Кафедра білім басқару саласындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған нормативтер және әдістемелерінің ғылыми негіздемесін жасайды, сонымен қатар түрлі деңгейдегі басшы кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс атқарады.

"Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі" кафедрасы

Кафедра Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес пән мұғалімдерінің білімін көтеруге арналған бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасайды. Үздік педагогикалық білім беру жүйесіне сәйкес пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін, шеберлігін арттыру және оқытудың озық педагогикалық технологияларын, ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалана отырып, курста өтетін сабақтардың сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету мен 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында мұғалімнің кәсіби құзырлығын қалыптастыруға байланысты міндеттерді шешуге бағдарланған.

«Мұғалімдердің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасы.

Кафедраның негізгі жұмыс бағыты: кешенді және жүйелі түрде мұғалім қызметін ғылыми әдістемелік мазмұнымен қаматамасыз ету.

Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы

«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасы «КР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы», «ҚР білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде педагог-тәрбиешілердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын түзіп , іске асыруда. Кафедра оқытушылары инклюзивті білім беруді еңгізу, мектептен тыс мекемелердің жұмысын арттыру мақсатында облыстағы ЖОО-мен бірлесе отырып белсенді жұмыс жасайды және полимәдениетті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында үштілділік оқыту бағдарламасын құруда. Кафедра ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО халықаралық үйымдарымен бірлесе отырып , халықаралық жобаларды іске асыруда.

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту кафедрасы

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасы алдына қойған міндеттерді іске асыруда ҚР Үкіметінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР 2011-2020 жылдарына арналған білім беруді дамыту стратегиясының бағыттарындағы, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде, ПҚБАИ білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарындағы құжаттар мен материалдарға негіздеп жұмыс атқарады.

Жыл сайын қалалық, аудандық білім беру мекемелерінің 10 мыңға жуық қызметкерлері біліктілігін арттырады.

Соңғы үш жылдағы тыңдаушылардың саны - 20918

Курстық дайындық оқу үдерісіне инновациялық технологияларды ендіруге бағытталған: «Ж.Қараевтың үш өлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясы», «Т.Галиевтің оқытудағы жүйелік тәсіл технологиясы», «М.Жанпеисованың модульді оқыту технологиясы», «Оқу мен Жазуды дамыту арқылы сыни ойлау» бағдарламасы, оқытудың жобалық әдістері, деңгейлік дифференциациялық технология, оқу материалының схемалық және белгілік моделдері негізінде оқытуды интенсифтендіру технологиясы.

Кембридж университетінің бағдарламалары бойынша 3 айлық біліктілік арттыру курстарынан облыстың 500 мұғалімі өтті.

Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды ендіру мақсатында Е-learning «электронды оқыту жүйесі» жүзеге асырылды және Web - және Интернет технологияларды пайдалану арқылы ақпараттық-басқару жүйесімен қамтамасыз ететін ақпараттық орталықты құрылды. 2011 жылдан осы жоба аясында ұйымдастырылған «Оқытудың бірыңғай электронды жүйесі жағдайындағы білім беру контенттері технологиялары» тақырыбындағы республикалық курстан 700-ден астам білім беру ұйымдарынан 1046 тыңдаушы өтті.