«Өрлеу» БАҰО» Акционерлік қоғамының «Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы ұйымдастырған 2025 жылы 07.04-18.04 аралығында «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы институт базасында болды.
Курстың жаңашылдығы-бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде құндылыққа бағдарланған тәсiлдi қолдану. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» алғашқы рет жүзеге асыруға негiзделедi. Тәрбиелеу құндылықтары: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап, отбасымен ынтымақтастық.
Курстың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде құндылыққа бағдарланған тәсілді қолдану бойынша педагогтердің құзыреттерін жетілдіру.
Қазіргі әлем қарқынды өзгерістермен, жаһандық тұрақсыздықпен және түрлі қауіп-қатерлермен сипатталады. Бұл ақпарат кеңiстiкте еркiн таратылып, әлеуметтiк желiлер арқылы балалардың ақыл-ойын бағындырады. Мысалы, Интернеттің мүмкіндіктері мен ашықтығы, кез келген ақпараттың тез таралуы, балалар қарап жатқан бейнеконтенттің сүзгіден өтпеуі, ата-аналардың жұмыс пен отбасылық өмір арасындағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті сақтай алмауы балаларды тәрбиелеуде тәртіп тапшылығының туындауына ықпал етті. Мұндай проблемаларды түбірімен жою мүмкін емес, алайда оларды болдырмау қажет. Міне, сондықтан да терең білімді, көреген, адал, ұлттық сана-сезімі айқын адамды тәрбиелеу мәселесі өзекті.
Курс тренері, әрі жетекшіміз – Мынбаева Акбота Камзабековна слайд арқылы практикалық – тәжірибелік сабақтар барысында өз тәжірибелерімен бөлісті және бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асырудағы педагог қызметінің нормативтік құқықтық негіздері, Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асырудың ерекшеліктері туралы , тәрбие сағаттарын құрyда сабақ тақырыбына байланысты оқытyда қолданатын тиімді әдiс-тәсiлдердi үйреттi.