Вебинар: Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы бойынша PISA-2022-ге дайындық

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды филиалы «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы бойынша PISA-2022-ге дайындық» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты: оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуда тәжірибе алмасу, ең табысты білім беру тәжірибелерін түсіну.

Вебинар Zoom платформасында Қарағанды облысы бойынша білім басқармасымен бірлескен қызмет жоспарына сәйкес «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ PISA-2022 халықаралық зерттеуіне қатысушы мектеп педагогтері үшін вебинарлар өткізеді. Вебинарға Қарағанды, Теміртау, Саран, Сәтпаев қалалары мен Бұқар-Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы және Шет аудандарының мұғалімдері қатысты.

Вебинар модераторы Ж.Х.Каирбаева қатысушылардың назарын Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы бойынша PISA-2022-ге дайындыққа назар аударып, PISA тапсырмаларының құрылымы мен орындалу реттілігіне тоқталды.

Вебинарға «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ доктор PdD, «Тестілеуге дайындықтың психологиялық-педагогикалық аспектісі» тақырыбында баяндама жасады. Гульнара Каиржановна: «Мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып, оны өз бетінше шешім қабылдауға психологиялық тұрғыда дағдыландыру» туралы ой-пікірін ортаға салды.

Вебинарда Қарағанды облысының жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пән мұғалімдері келесі тақырыптар бойынша таныстырылым жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті:

1. «Биология сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру» Альжанова Раушан Кайдаровна(Қарағанды қаласы, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының биология пән мұғалімі).

2. «АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын арттыру». Искакова Лаззат Марибаевна, (Қарағанды қаласы,Әл-Фараби атындағы мектеп – гимназиясының, география пәні мұғалімі) .

3. «География сабағында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру» Иманбаева Сандугаш Ибрахимовна, (Қарағанды қаласы, НМ №73 география пән мұғалімі).

4. «Оқушылардың химия сабағында функционалдық сауаттылығын дамыту». Кокенова Эльмира Сагындыковна, (№4 «Арнайы мектеп-интернаты» КММ, химия пән мұғалімі)

5. «Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» Жұмағұл Меруерт Асериятқызы (Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы «Көкпекті ЖББМ» КММ химия пән мұғалімі)

Іс-шара соңында қорытынды жасалып рефлексия барысында қатысушылар вебинарда өзекті тақырыптар қозғалғандығын айтып, осындай іс-шара оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибемен алмасуға, даму бағытын анықтауға және одан әрі кәсіби өсуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Каирбаева Ж.Х.,

жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді

оқыту әдістемесі кафедрасының

аға оқытушысы вебинар модераторы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар