2021 жылдың 10 қарашасында «Өрлеу» ББЖҚБАРИ тренері Кабдылова Гулжанаттың ұйымдастыруымен мұғалімдерді курстан кейінгі әдістемелік қолдау мақсатында Қапшағай қаласы «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығының» МКМ мұғалімдеріне «PISA тест тапсырмаларының құрылымы» тақырыбында вебинар өтті.
Бұл вебинарда PISA халықаралық зерттеуінің оқу, математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтары бойынша білім алушылардың дайындығын қамтамасыз ету үшін мектеп мұғалімдерімен PISA зерттеу кезеңдерінде қолданылған тест тапсырмаларының үлгілері талқыланды. Тренер тиісті ресурстарымен бөлісті. Вебинар соңында мектеп мұғалімдері көрсетілген әдістемелік көмек үшін алғыстарын білдірді.