Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауы

2021 жылғы 27 қазан күні Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген белсенді этнос жастарын ынталандыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті.Байқауға әріптесіміз, Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Гүлдариға Мамутова қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылды.
Облыстық кезеңге 21-35 жас аралығындағы мектеп мұғалімдері – қарақалпақ, ингуш, тәжік, орыс ұлтының өкілдері қатысты. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақ тілінде ойын еркін жеткізіп, сауатты жаза алатын өзге ұлт өкілдері 3 кезеңнен тұратын байқау талаптарын орындау шеберліктеріне қарай жүлделі орындарды иеленді.

Наши филиалы