«Жыл мұғалімі» облыстық байқауының екінші кезеңі аяқталды

2021 жылдың 16-24 қараша аралығында Қарағанды «Өрлеу» филиалының әдіскері С.Т.Тлеубай қазылар алқасының мүшесі ретінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен өткізген білім беру ұйымдарының педагогтары арасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының екінші кезеңіне қатысты.

Облыстық байқауға «Жыл мұғалімі» байқауының қалалық, аудандық кезеңдерінде жеңімпаз атанған білім беру ұйымдарының 17 педагогы қатысты.

Байқаудың мақсаты:

– педагог мамандығының мәртебесін арттыру;

– байқауға қатысушының педагогикалық ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін көрсету;

– мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ынталандыру.

Байқаудың екінші кезеңі екі бөлімнен тұрды және ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізілді. Бірінші бөлімде қатысушылар өз пәні бойынша сабақтарын, ал екінші бөлімде «Тәуелсіздік – орындалған арман. Қазақстандық жол» тақырыбында оқушылармен сыныптан тыс іс-шараларын көрсетті.

«Жыл мұғалімі» облыстық байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы ең жоғары ұпай жинаған аудан мен қаладан 6 қатысыушы және облыстық білім беру ұйымдарынан 1 қатысушыны анықтады. Ең жоғары ұпай жинаған 7 педагог облыстық байқаудың ІІІ кезеңіне өтті.

Байқаудың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз және жаңа кәсіби табыстар тілейміз!

С.Тлеубай, педагогикалық инновация

және курстан кейінгі қолдау зертханасының әдіскері

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар