“Ақтөбе – Өрлеу” облыстық білім басқармасымен бірлескен жоспарына сәйкес жаратылыстану-ғылыми пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру – функционалдық сауаттылықты дамыту технологиясының негізі ретінде» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
Вебинар жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.
Е.С. Давлетқалиеваның жетекшілігімен өткізілді.
Іс-шараға институт ғалымдары, орта және кәсіптік-техникалық білім беру педагогтары қатысты.
Вебинардың теориялық бөліміне Ақтөбе облысының жаратылыстану-ғылыми цикл мұғалімдері қауымдастығының мүшелері белсенді қатысты. Спикерлер Дәрібаева Р.А. №26 ОМ биология және химия мұғалімі, Ербалюкова Б.К. №30 ОМ биология және химия мұғалімі, КолоховаМ.Н. №9 ОМГ биология және химия мұғалімі, Озерная О.А. №20 ОМЛ биология және химия мұғалімі вебинарға қатысушылармен бірге қазіргі заманғы оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау бойынша халықаралық зерттеулер саласындағы білім берудің заманауи талаптары мәселелерін талқылады.
Практикалық бөлімі Педагогикалық идеялардың панорамасы түрінде өткзілді. Мұғалімдер практикалық жұмыс тәжірибесін ұсынды, функционалдық сауаттылықты дамытатын, зерттеу дағдыларын, оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамытатын тапсырмаларды құрастырудың әдістемелік әзірлемелерімен бөлісті.
Вебинарға қатысушылар жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тапсырмаларды әзірлеу идеяларымен бөлісе отырып, оқушылардың құзыреттілігін халықаралық зерттеудегі жоғары көрсеткіштер үшін мұғалімдер жаратылыстану-ғылыми циклдің әрбір сабағына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды жүйелі түрде қосу қажет екенін атап өтті.
Вебинар қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.