Нұр-Сұлтан қаласының математика пәні мұғалімдеріне арналған «10-11 сыныптар математика курсының күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы жалғасуда.
Курс тыңдаушылары 10-11 сыныптарда оқытылатын тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер және оларды шешу әдістері, GeoGebra қосымшасының көмегімен салуға арналған геометриялық есептерді шешу жолдарын айқындап, тәжірибемен бөлісуде. Мұғалімдер курсқа белсенді қатысуда.
- 01 Қыр
- 2022