Қаңтар айы «Өрлеу» Павлодар мен Нұр-Сұлтан қалалары Біліктілікті арттыру ұлттық орталықтарының тренерлері Өміргүл Ертісханқызы мен Фариза Баққалиқызымен ұйымдастырылған вебинарымен аяқталды. Аталмыш іс-шара астанының №45 орта мектебінің пән мұғалімдеріне арналып жүге асырылды. «Lesson Study» әдісінің ерекшеліктері» тақырыбында өткен вебинарға елуден астам ұстаз қатысты. «Өрлеу» спикерлері мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп, «Lesson Study» әдісінің ерекшеліктерімен таныстырып, оқу мақсаттарына сәйкес оқытудағы белсенді әдістерді тиімді қолдану жолдарын ұсынды.
Вебинар соңында қатысушылар оң пікірін білдіріп, келесі жолы семинарда қауышуға тілек білдірді.