Шығармашылық ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты

Функционалдық сауаттылықтың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – шығармашылық ойлау, ол жаңа идеяларды тудыру және стандартты емес шешімдерді іздеу қабілетіне тікелей байланысты. «Өрлеу» – Жамбыл 1 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды балаларға арналған IT лицей-интернатының мұғалімдеріне «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы аясындағы шығармашылық ойлау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда айтылған мәселелер өте өзекті, өйткені қазіргі мектептің алдында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін оқу қызметін тиімді қалыптастыру және дамыту жолдарын іздеу міндеті тұр. Сондықтан да семинардың практикалық бөлімде оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында комбинаторлық тапсырмалар қолданылды. Филиал тренерлері жұмыс кезеңдеріне, комбинаторлық есептер мысалында идеяларды жүзеге асырудың ерекшеліктері мен жолдарына тоқталды. Бірлескен пікірталас шығармашылық ынтымақтастық атмосферасында өтті.

Аманкуль Есмырзаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар