2022 жылдың 28 ақпанынан 11 наурызына дейін Өрлеу ББЖҚБАРИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Жақсым О.И. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Курс барысында тыңдаушыларға көшбасшылықтың негізі болатын білім берудегі эмоционалдық интеллект, цифрлық трансформациялау жағдайында басқарушылық және инновациялық әдістерді қолдану бағытында кеңестер берілді. Сонымен бірге АКТ құзыреттілігін дамыту негізінде, IoT технологияларының мүмкіндіктерін және білім беру саласында бұлттық технологиялар мен цифрлық сервистерді тиімді қолдану жайында бағыт-бағдар алуда.
Тыңдаушылар орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру жайында өз тәжірибелерімен бөлісуде.


