Брифинг. «Өрлеу»- де  жаңа курстар

Бүгін Ақмола облысы бойынша “Өрлеу” ұйымдастырған “Педагогтардың біліктілігін арттырудың жаңа форматы” Брифингінде мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары, басқару резерві, педагогтары пәндік курстардың ерекшеліктерімен, басқару корпусы үшін жаңа курстардың мазмұнымен және курстан кейінгі жұмыстың негізгі бағыттарымен танысты.

Филиал жұмысының жаңа бағыты туралы ақпаратты институт директор Алия Иманова ұсынды.  “Жаңа мектеп: тиімді басқару командалары” басқару корпусына арналған “Өрлеу” Алматы менеджментімен бірлесіп әзірлеген курстар қатысушылар назарын аударды.

Брифинг барысында “мектептер тәжірибесіндегі Lesson Study” жобасы аясында педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша филиалдың жұмысы жарияланды. Lesson Study-ді Көкшетау қаласындағы мектептердің оқу-тәрбие процесіне енгізу тәжірибесі туралы аға оқытушы Г.М. Сагындықова сөз сөйлеп, мектепте технологияларды  қолданудың мәселелері мен клешегін айтты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар