Педагогикалық дуэт: тәлімгерліктің инновациялық тәжірибесі


СҚО “Өрлеу ” «Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы “АҚ-ның 10 жылдығына арналған “Педагогикалық дуэт” кәсіби шеберлік және тиімді тәлімгерлік имиджі-облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. 📖Байқау тәлімгерліктің тиімді педагогикалық тәжірибесін анықтауға және имидждеуге, жаңадан бастаған мамандардың шығармашылық бастамасы мен жаңашылдығын ынталандыруға, педагог-тәлімгер мен жас педагогтың командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

1 кезең (тестілеу) нәтижелері негізінде 245 педдуэттің ішінен 2 кезеңде 100 қатысушы байқау жұмыстарын ұсынды: қалалық мектеп мұғалімдерінің 13 жұмысы (Павлодар қаласынан 2 дуэт, Петропавл қаласынан 10 дуэт, Тайынша қаласынан 1 дуэт), ауылдық жерлерден 87 мұғалімдер дуэті қатысты.
Байқауға қатысушылар өздерінің педагогикалық лайфхактарын көрсетті: тәлімгерліктің инновациялық идеялары және оларды іске асырудағы креативтілік, тәлімгер мен жас маманның өзара іс-қимылына шығармашылық көзқарас және оқу процесін жобалау мен талдаудағы ынтымақтастықты көрсете білді.
25 педдуэт жеңімпаз атанып, 1,2,3 орын дипломдарымен марапатталды,75 дуэт сертификаттар алды.
Дипломдар мен сертификаттар өтінімдерде көрсетілген электронды мекенжайларынызға жіберіледі.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Байқау-бұл әрқашан дамудың жаңа кезеңі, жаңа біліммен байыту.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар