Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған әрекеттер

Ақпан айының 3-жұлдызында «Өрлеу» Павлодар филиалының оқытушылары А.Ж. Ахметниязова мен Ө.Ертісханқызы Аққулы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Б.Батталовамен бірлесіп облысымыздың аудан мектептерімен вебинар ұйымдастырды. Іс-шара «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы өзгерістерге бейімделген икемді тактикалық іс-қимылдарды әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу жобасы шеңберінде «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытудағы шағын жинақты мектептер педагогтерінің желілік қоғамдастығы» тақырыбында өтті.
📚Вебинарға Аққулы ауданының отыздан астам мектеп жетекшілері қатысып, ШЖМ оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың барысы мен нәтижелері туралы ақпаратпен бөлісті.
📚Ұстаздар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп қана қоймай, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлерінен зерттеу бойынша жұмыстарға бағыттарды нақтылау мен түзету ұсыныстарына да ие болды.

Наши филиалы