Бастауыш сынып мүғалімдеріне арналған курс

28 наурыз күні «Өрлеу»-БҚО институтында «Бастауыш мектеп пәндерінің  күрделі тақырыптарын меңгеру»  атты  курс бастау алды.  Бүгінде курсқа облыс, қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысып,  біліктіліктерін арттыруда.

          Курстың мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерінің күрделі тақырыптарды оқыту әдістемесі аясында кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

           Курс барысында тыңдаушылар оқу үдерісін басқару және ұйымдастыру тиімділігі негізінде педагогикалық технологияларды, түрлі интерактивті әдіс-тәсілдерді меңгереді. Қысқамерзімді курсқа Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Габбасова Бағдагүл Беккалиева жетекшілік етуде.

Наши филиалы