22 тамыз күні курс аясында Казталов ауданы А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Бастауыш сыныпқа арналған олимпиада есептерін шығару жолдары» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өтті. Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатындағы бұл тәжірибелік сабақты курс жетекшісі, Кәсіби даму кафедрасының аға оқытушысы Бағдагүл Габбасова ұйымдастырды.
Сабақ барысында Казталов аудандық білім беру бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Шынар Темірғалиева мен М.Есетов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айбарша Мұхамбетқалиева іс-тәжірибесін ортаға салды.
Тәжірибелік сабақта қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасалды.
Іс-тәжірибесін бөліскен мұғалімдерге алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта білім беру бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғасын табатынына сенім білдіреміз.