Конституция күніне арналған турнир өтті

26 тамыз күні Оралдағы «Өрлеуде» 30 тамыз – Конституция күніне орай «Құқықтық міндеттер» тақырыбында турнир өтті. Шараға Жеңіс Хамзин жетекшілік ететін «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» курсының тыңдаушылары қатысты.

Институт кітапханасының бас маманы Индира Бадакованың ұйымдастыруымен өткен шарада мемлекеттің басты құжаты Ата Заңның рөлі мен міндеттері, маңыздылығы жөнінде айтылды. Ата Заңымыздың 25 жылдығына орай түсірілген бейнеролик көрсетіліп, курс тыңдаушыларына 1924 жылы және кейінірек 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданған Конституцияның тарихы жөнінде баяндалды.

Курс жетекшісі Жеңіс Хамзин халықтың еркіндігін айшықтайтын бұл құжат өзінің норма-қағидаларымен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті, дамыған елдердің қатарына жетелеп келетінін, жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту басты міндет екенін атап өтті.

Сонымен қатар шара барысында сөз алған тәжірибелі ұстаз, Бөрлі ауданы, Александров МБК тарих пәні мұғалімі Алмас Тасанов сөз алып, жаңа Конституцияның заң шығарушы, атқарушы және сот билігін белгілеп, олардың құзыреті мен өзара әрекет етуін заң тұрғысынан айқындайтын басты құжат екенін баяндады.

Орал қаласы №44 Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Бекнұр Артығалиев халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану – халық суверенитетінің көрінісі екенін айтып, пікір білдірді.

Ата Заңның 27 жылдығы қарсаңында оздырылған шара мазмұны айрықша болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар