Республикалық “Педагогикалық идеялар панорамасы” байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мұғалімдер үйінде мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарына арналған “Педагогикалық идеялар панорамасы” республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды.

“Педагогикалық идеялар панорамасы” – бұл 5 бағыт бойынша 22 номинация бойынша сараптамалық кеңестер таңдаған үздік дәрістер, сабақтар, практикалық және зертханалық жұмыстар, семинарлар мен шеберлік сыныптарының жинақ қоры. Байқау алдыңғы қатарлы педагогикалық модельдерді, оқыту мен бағалаудың заманауи білім беру технологияларын біріктіріп, педагогтердің кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігінің өсуіне қызмет етеді.

Облыс педагогтерінің байқауға жіберген жұмыстары  10 көрсеткіштер бойынша бағаланды: бірегейлік, өзектілік, практикалық маңыздылық, әдістемелік құндылық, көпфункционалдылық, тіл мәдениетін сақтау, сюжеттік желіні құру логикасы, материал мәтінінің бейне қатарына сәйкестігі, бейне сапасы және дыбыстық сүйемелдеу сапасы. Байқаудың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар