Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні “Тәлімгерден талап – жас маманға қанат” тақырыбында облыстық байқау өтті. Байқауды Батыс Қазақстан облысының білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырды. Байқауға облыстың барлық аудандарының, облыстық мектептердің және Орал қаласының командалары қатысты. Негізгі идея: тәлімгерлердің жас тәрбиешілермен жұмысының ең жақсы тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату. Байқаудың бұл форматы алғаш рет өткізіліп, оған жас педагог пен оған бекітілген тәжірибелі тәлімгерден тұратын жұп қатысты.
Байқауда Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институты директорының орынбасары Байкатова Күміс Ильясовна әділ-қазылық етті. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – сырттай, оның аясында тәлімгер мен жас мұғалімнің бірлескен сабағынан бейнеролигі ұсынылды. Келесі кезеңдер Орал қаласының №36 ЖОББМ базасында күндізгі режимде өтті. “Тәлімгердің бір күні” кезеңінде қатысушылардың бірлескен жұмысы, педагогикалық кредо және оқу-тәрбие үдерісіндегі бірлескен жетістіктер туралы креативті презентациялар ұсынды. Қатысушылар педагогика теориясы бойынша сұрақтарға жауап берген “Әділдік керуені” блиц-турнирі терең ойлы педагогтерді анықтауға мүмкіндік берді.
Білім беру ұйымдарында кеңінен қолданылатын “INNOVATIONS & IDEA” кезеңі қатысушылардың әртүрлі қызықты және креативті идеяларымен танысуға мүмкіндік берді. Бұл “PODKAST” мектеп радиосы, әртүрлі жобалар, челлендждер және оқу техникасын жақсартатын мектептерге арналған жылдамдық планшеттері, Tik-tok т.б.
Қорытынды шығармашылық шеберлік байқауы аясында қатысушылар өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті. Бұл жерде жәй өлең оқылып, әндер шырқалып қана қоймай, креативті шешімдерімен көрермендерді таңдай қақтырды. Әрине, кез-келген байқау сияқты мұнда да жеңімпаздар мен жеңілгендер болды. Байқаудың барлық қатысушылары лайықты өнер көрсетті деп санаймыз. Осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Батыс Қазақстан облысының білім беруді дамыту орталығына алғысымды білдіреміз. Мұндай конкурстар мұғалімнің кәсіби өсуіне және ынтасын арттыруға ықпал етеді.



