Өрлеу-СҚО-мен хабардар бол

Солтүстік Қазақстандық «Өрлеу» филиалының директоры Алма Мурзалинова Qyzyljar TV телеарнасындағы “Из первых уст” телебағдарламасына қатысты.

Эразмус+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Kozybayev University «Development of Skills and Teachers Training for Leadership» жобасының зерттеу тобының құрамына кіре отырып, Алма Мурзалинова Айгүл Нұрпейісовамен бірге Сантьяго-де-Компостела университетінің базасында Испанияда өткен тағылымдама туралы айтып берді.

Айгүл Нұрпейісовамен бірге «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру жағдайында білім беру көшбасшылығын дамыту туралы өз көзқарасын ұсынды.

Алма Мурзалинова әзірлеуге кіріскен студенттер мен мұғалімдер үшін «Жаңа мектептегі көшбасшылық»  курстық оқу бағдарламасы зерттеуге қатысу өнімі болып табылады.

Бұл курста оқуға деген сұранысты зерттеушілер Фадил Читаку мен Хетем Рамазанидің ұстанымы баса көрсетеді: Көшбасшылық – бұл кең таралған, бірақ нашар түсінілетін күрделі көп қырлы құбылыс».

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар