Біліктілікті арттыру курстары басталды

«Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен 12 қыркүйекте бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстары ашылып, оқыту жұмыстары басталды.
Курстардың тақырыптық бағыттары:
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге арналған: «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызиметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері»;
Математика пәні мұғалімдеріне: «5-9 сынып математика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту»;
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған: «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдеріне арналған 10-11 сыныптарда «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша педагогтерді базалық және пәндік құзыреттілігн дамыту»;
Тарих пәні мұғалімдеріне: «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту, 10-11 сыныптардың қиын тақырыптары»
Бастауыш сынып мұғалімдеріне: «Математика, әдебиеттік оқу, орыс тілі пәндері бойыншабастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту»
Орыс тілі пәні мұғалімдеріне:Оқыту және бағалау сапасы үшін «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Курстар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып оларды бағалаудың технологиясы бойынша өзінің кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар