Білімнің  гигабайты

Қордай ауданының информатика пәні мұғалімдері үшін «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты «Тәжірибе арқылы оқыту» қағидасы бойынша пәндік біліктілікті арттыру курстарын өткізуде. Бұл курстар заманауи информатика пәні мұғалімінің табысты қызметін алдын – ала анықтайды. Курс бағдарламасы 10-11 сынып бағдарламаларындағы күрделі тақырыптар бойынша информатика сабағын жобалаудың жаңаша формалары туралы толық түсінік береді. Бағдарлама процедуралар мен функциялар, мобильді қосымшалар, веб-бағдарламалау, деректер базасы, жасанды интеллект, блокчейн технологиясы, машиналық оқыту принциптері, нейрондық желілер және 3D тур сияқты 8 тақырыпты қамтиды. Барлық тақырыптар бойынша мұғалімдерге әр түрлі сандық қызметтерді (Miro, WordITOut, LearningApps, Padlet, Jamboard, WordWall, Mentimeter) өз оқу іс-әрекетінде пайдалануға мүмкіндік беретін практикалық тапсырмалар әзірленді. Практикалық сабақтарда алған білімдері мен жинақталған тәжірибелерін кәсіби іс-әрекеттерінде қолданатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар