11-12 мамырда «Өрлеу» Қостанай филиалының қызметкерлері «Өрлеу» БАҰО» АҚ Таллин университетімен (Эстония) бірлесіп ұйымдастырған «Педагогтардың кәсіби дамуы: білім беру бағдарламасын жоспарлаудан сыныптағы практиканы өзгертуге дейін» атты онлайн-семинарға қатысты. Эстониялық әріптестерімен қарым-қатынас барысында оқытушылар эстониялық жоғары білім берудің стратегиялық мақсаттарымен танысты, сондай-ақ PISA-дағы табысының негізгі факторларын талқылап, оқушы мен мұғалімнің проактивті ұстанымын қалыптастырудың психологиялық аспектілерін қарастырды. Мұғалімдердің білім беру ерекшеліктеріне және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеуге ерекше назар аударылды. Семинар гибридтік оқытуда әлеуметтік қатысуды арттыру үшін телеқатысу робототехникасы туралы баяндамамен аяқталды.

