Заманының заңғар ұлы

«Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы кітапханасында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен «Заманының заңғар ұлы» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Іс-шара барысында ұлы тұлға, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 24 жыл – Қазақ ССР көшбасшысы және 20 жылдан астам КОКП ОК Саяси Бюросының құрамында болған Дінмұхамед Ахметұлының азаматтық ұстанымы мен еңбек жолы жайлы әңгіме өрбіді. Кітапханашы З.Сеитказиева Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының «Ұлы тұлғалар» атты арнайы ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен 2011 жылы жарық көрген ұлы тұлғаларымыздың бірегейі Д.Қонаевқа арналған «Мұхиттан өткен қайық» сериясымен таныстырды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар