Ойын арқылы оқыту және оқудағы ойын

2022 жылдың 3-13 қазан аралығында Қарағанды ​​облысы бойынша Кәсіби даму институтының базасында өткізілген «Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының ойын құзыреттерін дамыту» біліктілікті арттыру курсының мазмұны «ойын арқылы оқыту» тәсілін жүзеге асыруға бағытталған.

Курста балалар ойынының ерекшеліктері, оның даму механизмдері, формалары мен көріністерінің алуан түрлілігі ашылды. Сондай-ақ тыңдаушылар ойынды қалыптастыру мен дамытудың шарттарымен, ойынды педагогикалық қамтамасыз етудің қағидалары,  әдістері, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның құрылуымен танысты.

Қарағанды қаласының «Думан» балабақшасы базасында ұйымдастырылған көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында тыңдаушылар мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін талдау дағдыларын игеріп, ойындар мен ойын сюжеттерін үлгілеуде тәжірибе жинақтады.

Курстарды рефлексиялау барысында педагогтар өздерінің алдын-ала жоспарланған іс-әрекетімен шектелмей, баланың таңдаған іс-әрекетіне сүйене отырып, оның қызығушылығын қадағалаудың маңыздылығын атап өтті.

Кантарбаева Ж.Е., қоғамдық-гуманитарлық білім беру мазмұны кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар