Білім беру ұйымдарындағы инновациялық менеджмент

2022 жылдың 12 қыркүйегінде аға оқытушысы Тен А.С. басшылығымен Ақмола, Павлодар, Қостанай, Атырау, Қызылорда облыстарының және Нұр-сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының директорларына арналған Өрлеу ББЖҚБАРИ базасында біліктілікті арттыру курстары басталды.

“Жан басына қатысты қаржыландыруға көшу жағдайындағы инновациялық менеджмент” курсының негізіне келесі өзекті тақырыптар енгізілді: инновациялық үдерістерді басқару стратегиясы мен тактикасы, жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруды енгізу әдістемесі, эмоцияларды иелену практикасы мен тайм-менеджмент, білім беру сапасының менеджменті жүйесі және т.б.

“Құқықтық реттеуді енгізу, жан басына қаржыландыру, дизайн-ойлауды дамыту, стратегиялық жоспарлау саласындағы басқарушылық құзыреттерді жетілдіру жөніндегі курстың мазмұны, сондай – ақ басшылардың практикалық тәжірибесімен алмасуы мектепте, өңірде және жалпы республикада тұрақты білім беру үшін қажет”, – деп Ақмола облысы Қарамеңді батыр ауылындағы жалпы білім беретін мектеп КММ директоры тыңдаушы Суранчинова К.К. өз пікірін білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар