«Өрлеу» БАҰО» АҚ «ТО және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалы 2022 жылдың 14 сәуірінде Шымкент қаласы Білім басқармасымен, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасымен ынтымақтастық туралы келісім-шартына және Өрлеу «БАҰО» АҚ Павлодар облысы филиалымен серіктестік өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес PISA халықаралық зерттеулерінің талаптары аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі бойынша вебинар өткізді. Вебинарды «Өрлеудің» Павлодар облысы бойынша филиалдың тренері Бибигуль Амирхановна Жаукенова жүргізді. Іс-шараға Шымкент қаласы және Түркістан облысы мектептерінің директорлар орынбасарлары, әдіскерлер, PISA бойынша математикалық сауаттылықты дамыту бағдарламалары бойынша тренерлер, математика пәні мұғалімдері қатысты, жалпы – 270 педагог қамтылды. Вебинарда PISA тапсырмаларын оқу процесінде интеграциялау мәселелері қаралып, математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.


