Ағымдағы жылдың 15 қарашасы күні курстан өткен мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында институт аға оқытушысы Жангүл Жұбаеваның ұйымдастыруымен №38 орта мектепте дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында мұғалімдердің курстан кейінгі жұмыстары және бағдарламаны практика жүзінде енгізу сұрақтары көтеріліп, оқытудың маңызды міндеттерінің бірі оқушыларға дәлелдеуді үйрету кеңінен айтылды.
Іс-шара барысында әртүрлі маңызды тақырыптар бойынша мәселелер көтеріліп, қатысушылар «Ашық микрофонда» өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты және тәжірибелерін ортаға салды.
Мұғалімдерге курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру, тыңдаушы мен тренер арасындағы байланысты нығайтады.
- 15 Жел
- 2022