Бүгін, Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты кітапханасында “Тәуелсіздік —мәңгілік елдің тұғыры” тақырыбында вебинар өтті.
Вебинарға облыстағы мектеп кітапханашылары қатысты. Кітапхана маманы Н.Ермекова Тәуелсіздік мерекесінің тарихына, маңыздылығына тоқталып, еліміздің болашағы үшін әрбір қазақстандықтың атсалысуы керектігін айтты.
Облыс кітапханашылары Р.Ескарина, Н.Ларина,М.Данекерова, Ж.Шалабаева мектеп кітапханаларының қазіргі қоғамдағы ролін, жұмыс бағыттары бойынша өз пікірлерімен бөлісті.
Вебинар соңында еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескере отырып, жарқын болашаққа, әділетті Қазақстанға бірге жұмыла атсалысайық деп қорытыланды.
Ақтөбе—Өрлеу институты бүгінгі шараға қатысушыларға ризашылығын білдіреді!

- 15 Жел
- 2022