Музыка пәні оқытушыларына арналған курс

      28 ақпан күні «Өрлеу» БҚО институтында офлайн форматта «Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында 80 сағаттық курс басталады. Курсқа қала және облыстың музыка пәні мұғалімдері қатысуда.

   Курс тренері Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Сексенбаева Сайра Кировқызы.

    Мақсаты:орта білім беру педагогтерінің қызметін реттейтін орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттің саясаты мен негізгі бағыттарын және педагог қызметкерлерді аттестаттау мен оның ережелерін зерделеу, өмір бойы білім алу тұжырымдамасымен таныстыру.

    Жалпы орта білім берудің қазіргі жүйесін дамытудың басым бағыттарының мәнін анықтау, орта білім беру мұғалімдерінің қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерді қолданудың тәжірибелік дағдыларын дамыту бағытында ұйымдастырылған курс соңында қатысушылар  сертификатталады.

    Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!  

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар