«Тәуелсіз елім– Қазақстаным»

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында филиал кітапханасында «Тәуелсіз елім– Қазақстаным» атты еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектер мен тәуелсіздік тақырыбын сөз еткен қаламгерлердің әдеби туындыларын қамтыған әдебиеттердің ашық қарауы ұйымдастырылды. Кітапхана ісінің бас маманы Сеитказиева З. Тәуелсіздіктің тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы екендігіне тоқталып, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына қатысты әдебиеттерге шолу жасады. Іс-шара соңында қатысушылар құнды ақпараттар алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар