2022 жылдың 18 қазанында Түркістан қаласы, Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп базасында Өрлеу ББЖҚБАРИ тренері Сабиханова Әсел Каирбековна мектеп директорларымен «Педагог»кәсіби стандартын талқылады.
Кәсіби стандарттың қажеттілігі мен сапаға әсері, кәсіби дамуына әсерлері мен мәселе өрістері талданды. Талдау барысында кәсіби стандарттың құзыреттіліктері – кәсіби құндылықтар, кәсіби білім, оқыту тәжірибесі/тәрбиелеу және оқыту, кәсіби өсу (даму) бойынша топтық зерттеушілік туралы сөз қозғалып, эмперикалық талдауға ұласты.