Ү.ж. 18 қазан күні «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының өңірлік кезеңіне қатысушылардың бейнематериалдарын бағалау бойынша Сараптама кеңесінің отырысы өтті. Облыс педагогтерінен түскен 665 өтінімді байқаудың негізгі критерийлері бойынша облыстың үздік мұғалімдері арасынан сарапшылар бағалайды: дәлелділік, өзектілік, тәжірибелік бағыт, әдістемелік құндылық, жаңашылдық, сөйлеу мәдениеті, оқиға желісін құрастыру логикасы, көрнекілік қатар сапасы, дауыстың сүйемелдеу сапасы. Эксперттер облыстық ұйымдастыру комитетіне әр номинация бойынша ең үздік бейнежұмыстарды Республикалық кезеңге қатысуға ұсынады. Сараптама кеңесінің жұмысы 31 қазанға дейін жалғасатынын естеріңізге саламыз. 10 қарашаға дейін байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау көзделуде. Сарапшылардың лайықты педагогикалық идеяларды объективті түрде таңдап ұсынуына сәттілік тілейміз.
- 19 Қаз
- 2022