Қыркүйек әрдайым салтанатты іс-шараларға және алдағы оқу жылына арналған жоспарларға толы. Әсіресе, осы кезеңде одан әрі даму жөніндегі жаңа міндеттер мен тәсілдер өзектілендіріледі.
Ақтөбе облысының білім беру саласы мен педагогикалық қоғамдастығы үшін осындай маңызды оқиғалардың бірі “Өрлеу” БАҰО” АҚ Басқарма төрағасы Асель Мухаметжанованың өңірімізге алғашқы іскерлік сапары болды.
“Өрлеу” БАҰО” АҚ Басқарма басшысы мен директордың ғылым, инновация және аналитика жөніндегі орынбасары Ш.Тазабектің сапары өңірдегі білім беру ұйымдарының педагогтарымен, қызметкерлерімен және басшыларымен тікелей кездесулермен және ашық диалогпен ерекшеленді.
Олардың арасында облыстық білім басқармасының және БСБД басшыларымен, “Өрлеу-Ақтөбе” институтының ұжымымен және тыңдаушыларымен, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ ректоры және профессор-оқытушылар құрамымен, “Білім-Инновация”лицейінің директорымен, Ақтөбе гуманитарлық колледж және дарынды балаларға арналған “Сымбат”мектеп-интернатының ұжымы кездесулері бар.
Әрбір кездесу басшылармен іскерлік диалогты ғана емес, сонымен қатар педагогтармен және білім алушылармен әңгімелесуді де қамтыды, бұл қатысушылардың қызығушылығы мен кері байланысын тудырды.
“Өрлеу-Ақтөбе” педагог-тыңдаушылары біліктілікті арттырудың қазіргі білім беру бағдарламаларының тәжірибеге бағытталған сипатын атап өтіп, білім беру және кәсіби өсу саласында болып жатқан өзгерістер туралы ойларымен “Өрлеу” БАҰО” басшысымен бөлісті.
Басқарма төрағасы А.Мухаметжанова “Өрлеу-Ақтөбе” қызметімен танысу барысында педагогтармен кері байланыс бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
“Өрлеу” БАҰО-ның осындай жұмысы нәтижелерінің бірі ретінде біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын жаңартуға әсер еткен педагогтардың сауалнамаларын айтуға болады.
Білім беруді дамытудың басым бағыттары мен педагогикалық практиканың перспективалары, сондай-ақ педагогикалық тәжірибе мен пәндік әдістемені зерттеудің ғылыми тәсілдері бойынша міндеттер назардан тыс қалмады .
Әр кездесу өз қолтаңбасымен есте қалады. Біз бұл сапарды ашық диалогтармен, нақты перспективалармен, педагогтардың, ғалымдар мен білім алушылардың оң кері байланысымен есте сақтаймыз.
“Өрлеу-Ақтөбе” командасы барлық қатысушылар мен серіктестерге кездесулер, диалогтық алаңдар мен талқылаулар өткізгені үшін алғыс білдіреді! Біздің шығармашылық және ғылыми-педагогикалық тандеміміз көзделген жобалар мен ынтымақтастықты тиімді іске асыруға, табыстарға ықпал ететініне сенеміз!





























