«Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану»

22 сәуір күні «Өрлеу»-БҚО институты тыңдаушылары курс аясында Орал қалалық №50 жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылған семинар жұмысына қатысты. Семинар «Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында өтті. Курс жетекшілері Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Д. Жумагалиева және аға оқытушы Бағдагүл Габбасова.  

           Мақсаты: Бастауыш сыныпта білім беру мазмұнын жаңарту тәсілдерінің қолдану тәрбиесімен бөлісу, ой қорыту.

    Семинардың жұмысын аталмыш мектептің директоры М .Жумагазиева алғысөзбен ашып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шара психологиялық тренингпен ашылды. Мектептің пән мұғалімдері «11-ден 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту», «Адам өмірінде табиғат жағдайының алатын орны», «Құстар – табиғат көркі», «Елімнің мақтаныштары!», «Есептер шығару», «Түлкі мен тиін», «Бекіту», «Бейбітшілік – ел тірегі» тақырыптарында нәтижеге бағытталған шаралар, шеберлік сыныптар ұйымдастырды. Семинарды курс тыңдаушылары жоғары бағалап, алған әсерлерімен бөлісіп, мектеп ұжымына алғыстарын жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар