Әлеуметтік педагогтерге арналған көшпелі тәжірибелік сабақ

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне арналған «Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» көшпелі тәжірибелік сабақтар (КТС) аясында ҚОӘББ  «Қостанай ауданының ББ Заречный мектеп-лицейі» КММ базасында:

– Отбасын әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау әдістемесі;

– Әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру,

– Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әдістері мен жұмыс нысандары;

– Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік жұмыс тақырыптары бойынша практикалық сабақтар мен шеберлік сыныптар өткізілді.

Олардың мақсаты: әр түрлі әлеуметтік санаттағы мектеп жасындағы балалардың табысты әлеуметтенуі бойынша білім мен жұмыс дағдыларын кеңейту; есеп берудің әртүрлі нысандарымен жұмыс бойынша әлеуметтік педагогтердің практикалық дағдыларын қалыптастыру және нәтижелердің тиімділігі критерийлері бойынша әлеуметтік педагог қызметін бағалау.

Тыңдаушылар алдына келесі міндеттер қойылды: ерекше білім беру қажеттіліктері бар, қиын өмірлік жағдайдағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау кезінде балалардың қауіпсіз және жайлы өмірін ұйымдастырудың тиімді әдістері мен формаларын қолдану бойынша әлеуметтік педагогтың тәжірибесін қарастыру.  

КТС барысында әлеуметтік педагогтер тыңдаушылармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар