Пән мұғалімдері біліктілігін арттыруда

2022 жылдың 19 қыркүйек күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне және тәлімгерлерге арналған біліктілікті арттыру курстары бастау алды.

Біліктілікті арттыру курстары барысында тыңдаушылар пәндер бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту процесінде қолдануды, практикалық іс-әрекетте жүзеге асыру үшін білігі мен дағдыларын дамыта отырып, оқытылатын пән саласындағы пәндік білімді тереңдетіп, білім сапасын арттыру аясында пәндік құзыреттілігін жетілдіреді.

Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында практикалық тапсырмаларды орындау, тапсырмаларды шешу, сабақ үзіндісін жобалау, қорытынды тестілеу т.б.түрінде өткізіледі. Педагогтардың заманауи талаптарға сай кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде сәттілік тілейміз! «Өрлеумен» бір қадам алда болыңыздар!

Наши филиалы