2022 жылдың 19 қыркүйегінде Өрлеу ББЖҚБАРИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Байболова Гульжанат Габдулахметовна орта білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орныбасарларына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие үдерісін басқарудың заманауи амалдары» тақырыбында курсын өткізуде.
Біліктілікті арттыру курсы барысында тыңдаушылар оқу-тәрбие үдерісіндегі жаңалықтармен таныса отырып, практикалық іс-әрекетте жүзеге асыру үшін білігі мен дағдыларын дамытуда. Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында практикалық тапсырмаларды орындау, сабақ үзіндісін жобалау, қорытынды тестілеу және т.б. түрінде өткізілді.


