Тағы да Эстониядан жаңалықтар

Эстониядағы тағылымдаманың екінші аптасында  әріптестеріміз Э.Б. Мирзалиева мен Ж. С. Хайрушеваның Эстония елінің  мектепке дейінгі білім беру ұйымының ерекшеліктерімен танысу барысында пилоттық жобаға енген Нарва қаласындағы “Narva lasteaed Sädemeke”  балабақшасының  эстон және орыс тілдерін үйрену бағдарламасымен  танысты. Эстон мемлекетінің Білім және ғылым министрлігі  мемлекеттік тілді үйренуге өте мұқият назар аударып,  мектепке дейінгі ұйымдарға конкурстық негізінде осы пилоттық жобаны іске қосқан. Балабақша тәжірибесінде байқалғаны әр топта эстон тілінің мұғалімі балалармен күннің бірінші жартысында тек эстон тілінде сөйлейді екен.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар