2022 жылдың 13 және 24 маусымы аралығында Өрлеу ББЖҚБАРИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Іркітбай Ғалым «Білім беруді цифрландырудың трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы аясында республиканың 14 өңірінен жиналған оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған қысқа мерзімді курс өткізді.
Іс-шара барысында мектептің басқару және білім беру қызметінде цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын меңгеру жөніндегі мәселелер жан-жақты қарастырылды. Тыңдаушылар өзекті мәселелерді талқылауға аса зор белсенділікпен қатысты.
Іс-шара қатысушылары Алматы қаласында орналасқан «Ғылым ордасы» базасында химия ғылымдарының докторы, профессор Бектенов Несіпхан Әбжапарұлымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында білім беру жүйесінде өзекті мәселер бойынша тәжірибе алмасып, білім беру қызметінде жобалауды қолдану дағдыларын меңгеру жөніндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. Курстың өзектілігі мен маңыздылығы атап өтіліп, тыңдаушылар өзара ризашылық білдірді.