Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары Тобыл қ. №1 жалпы білім беретін мектеп базасында көшпелі практикалық сабаққа қатысты

«Өрлеу» Қостанай филиалының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары көшпелі практикалық сабақ шеңберіндегі «Қостанай ауданының білім бөлімінің Тобыл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында ұйымдастырылған, «Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған бастауыш мектептің оқу жоспарындағы пәндердің күрделі тақырыптарын меңгеру» облыстық семинарына қатысты.

Семинар бағдарламасы мазмұнды болды. Тыңдаушылар педагог-зерттеушілер Ұлмекен Сейдалаевна Трулубекова мен Елена Васильевна Горналева математика және сауат ашу сабақтарына қатысты. Сабақ барысында педагогтер өздерінің оқыту тәжірибелерін көрсетті. Галина Николаевна Башлай мен Назима Мухамеджановна Байгирееваның «Жобалық оқыту арқылы жаратылыстану және Дүниетану сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбында  болып, тыңдаушылар өздерінің білім қорын толықтырды, педагог-зерттеушілер Гүлнара Кафаровна Болеста мен Зәуреш Қабиевна Жакупова өткізген «Тыңдалым және айтылым» бөлімдерінің күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу», «Тіл және әдебиет» білім беру саласындағы пәндердің «Жазылым» және «Оқылым» тренингіне қатысып, мотивация алды; сондай-ақ сабақтың қорытынды кезеңінде тиімді тәсілдер мен әдістерді педагог-зерттеуші, оқу ісі жөніндегі басшының орынбасары Динара Ислямовна Айтуаровамен талқылады. Көшпелі тәжірибелік сабақ кезінде алынған білім тыңдаушыларға жаңа оқу жылда жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар