Құрметті әріптестер! «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауына өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды қабылдау мерзімі ӨЗГЕРДІ. Сіз материалдарды қазан айының 10-шы жұлдызына дейін жүктей аласыздар. Бұл үлгермей қалғандар үшін жақсы жаңалық!
Конкурсқа мектепке дейінгі, бастауыш, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
Қатысушының жұмысы жалпы жоспарда кәсіби педагогикалық тәжірибенің сол немесе өзге жағының инновациялық мәнін тіркейтін тұжырымдамалық педагогикалық идеяны қамтитын бейнематериал (дәріс, сабақ, практикалық/зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс) түрінде ұсынылуы тиіс.
! Байқауға өтінім және конкурстық жұмысты 2022 жылдың 10-шы қазанына дейін https://ppi.orleu-edu.kz сайтына жүктеу қажет

- 23 Қыр
- 2022