Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын игермейінше білім сапасының нәтижесін елестету қиын. Оқытудың сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: “Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы” деп текке айтпаған.
2022 жылдың 12-26 қыркүйегі аралығында Қызылорда қаласы, Осипенко атындағы №8 мектеп базасында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Орынбек Исаұлының жетекшілігімен мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында курс өтіп жатыр.
Курсқа қатысушы әріптестеріміз білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент тақырыбын терең меңгерумен қатар, дәрістегі барлық көрсетілген озық технологияларды өз практикасында қолдануға болатынын жете меңгеруде.
Сонымен қатар, 2022 жылдың 21 қыркүйегінде біліктілікті арттыру курсы аясында Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде «Білім беруді тұрақты дамыту сапасын стратегиялық басқару» атты семинары ұйымдастырылды. Тыңдаушылар қосымша білім беру орталығы мен инклюзивті білім беру орталығының жұмыстарымен танысып, өздеріне қажетті кеңестер алды.



