2022 жылдың 22 ақпан күні «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының жылғы ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарына сәйкес Шымкент қаласы, №124 жалпы орта мектеп педагогтеріне ғылыми-шығармашылық тұрғыдан педагогикалық қолдау көрсету көрсету мақсатында «Мұғалімнің оқуы мен оқыту әрекетін дамытудың қадамдары» тақырыбында педагогикалық лекторий өткізілді.
Педагогикалық лекторий аясында кафедра меңгерушісі Г.Рахимжанова «Инклюзивное образование как прогрессивный способ обучения» тақырыбында вебинар, аға оқытушылар Г.Батькаева, Г.Садыкова «Технологияларды қолдану – оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың негізі ұсынылды» тақырыбында шебер-сынып жүргізді. Жүргізілген іс-шаралар бойынша өзекті мәселелер қозғалып, оқушылармен жұмыс процесінде қамтылатын маңызды жоспарлар мен әдіс-тәсілдер қарастырылды.
Іс-шара соңында мұғалімдер түйінді пікірлерін айтып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Ғылыми бағытта ұйымдастырылған әдістемелік көмек мұғалімдедің педагогикалық шеберлігін, тәжірибесін арттыруға көмегі зор екенін ерекше атап өтті.
Рахимжанова Г.К. Батькаева Г.А., Садыкова Г.А.