Soft skills дағдылары – білім алушылардың әмбебап оқу іс-әрекеттерінде

2022 жылдың 25 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының Ақтөбе облысының білім басқармасымен бірлескен жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы, Ә.Кекілбайұлы атындағы № 72 жалпы орта білім беретін IT мектеп-лицейінде «Soft skills дағдылары – білім алушылардың әмбебап оқу іс-әрекеттерінде» тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстелде эксперименттік алаңы бар білім беру ұйымдарының модераторлары мен педагог-экспериментаторлары бас қосты.
Іс-шараны Ақтөбе қаласы, Ә.Кекілбайұлы атындағы № 72 жалпы орта білім беретін IT мектеп-лицейі директорының м.а. Г.Т.Умарова алғы сөзбен ашып, сәттілік тіледі. «Өрлеу»-Ақтөбе кафедраның бас әдіскерлері, магистрлер Л.Л.Отарбаева, М.Т.Адилханова педагогикалық қызметтегі soft skills маңыздылығына шолу жасады.
Іс-шара аясында № 72 IT МЛ директорының ҒӘІ жөніндегі орынбасары, эксперимент модераторы Б.Ж.Мустафин шебер-класс өткізіп, қатысушылардың ерекше белсенділігін тудырып, қызығушылығын оятты. ТІЖ орынбасарлары Ш.Р.Сатаева, А.Ж.Жалмагамбетова коучинг өткізіп, педагог-экспериментаторлар С.Б.Әлімбаева, Г.М.Сарсенгалиева, Ж.Е.Шыныбаева сабақтарда АКТ-ны қолданып, оқушылардың креативтік дағдыларын дамыту, командада жұмыс жасау, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, табысты оқу іс-әрекеті үшін икемді дағдылардың ролі жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.
Мектептің педагог-психологі А.Б.Аханова «Өзгерісті өзіннен баста» тренингін жүргізіп, қатысушылармен кері байланыс орнатты.
«Өрлеу»- Ақтөбе бас әдіскері, магистр М.Т. Адилханова іс-шараны қорытындылай келе, белсенділігі үшін қатысушыларға зор алғысын жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар