Дөңгелек үстел өткізілді

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту кафедрасының ғылыми жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытуда педагогикалық технологиялардың рөлі» тақырыбында Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы №77 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында кафедараның аға оқытушылары Азбердиева Нағима Аббасқызы және Керімбекова Раушан Әпенқызы таным процесінің ойлау дағдыларын дамытудағы оқу мақсаттарының бірнеше түріне тоқталып, саралау тапсырмаларын берудегі ерекшеліктерін түсіндірді. Бастауыш сынып оқушыларының таным дағдысын қалыптастырудағы өз тәжірибелерін аталмыш мектеп мұғалімдері ортаға салды. Дөңгелек үстел қорытындысында бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу үдерісі басындағы қиындықтарын анықтауға бағытталған сауалнама ұйымдастыру арқылы бір шешімге келу туралы ұсыныс айтылды. Ұсыныс бір ауыздан қабылданды. Қатысушылар бірнеше жаңа мәліметтер алып, өз тәжірибелеріне толықтырулар енгізгіндіктерін кері байланыс байланыс арқылы айтты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар