Фокус-тобы жұмысын бастады

«Өрлеу» – Жамбыл тренері Назира Абдикеримова Жамбыл облысының география пәні мұғалімдерімен он-лайн кездесу өткізді. Бұл іс-шара география пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда курстардың сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Нәтижесінде қарастырылып отырған сұрақтың бүгінгі таңда өзекті мәселелердің қатарында орын алатыны да айтылып өтті. Кездесу барысында география пәні бойынша 7-11 сыныптар аралығындағы география оқулықтары бойынша күрделі тақырыптар туралы ой бөлісті. Педагогтер қазіргі таңда кейбір тақырыптар өте күрделі берілгендігі және түсіндіруде ресурстардың тапшылығы да бар екендігі жөнінде ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп,  әріптестік бірлестікте жұмыс атқаратындықтарын жеткізді.

Фарида Кулен, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы  

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар